Ибрагим Ескендір - Біргеміз

Әні: И.Ескендір,
сөзі: С.Әуезхан

Қиын-қыстау қилы заманда,
Не болмаған байтақ даламда.
Тарихтағы талай боранда,
Мың жанып, мың өшкенбіз.

Қашан от пен суға түспедік,
Бақыт үшін бәрін істедік.
Бірлігіміз бойға күш беріп,
Сан сынақты кешкенбіз.

Қ/сы:

Күлтегінбіз, қаған Білгеміз,
Құламаған елміз мүлде біз.
Көк аспан мен көк ту астында,
Күн сөнгенше біргеміз.

Қыран қазақ, берік іргеміз,
Құламаған елміз мүлде біз.
Әлі бізде алар асу көп,
Бәріміз де біргеміз.

Жауған оқтан шықтық құламай,
Аштықтан да өттік жыламай.
Бәйтерек боп биік сұламай,
Майыспадық, сынбадық.

Сынақ себеп емес кеюге,
Тек тазалық болса пейілде.
Қою қара түннен кейін де,
Таң атады нұрланып.

Қ/сы:

Күлтегінбіз, қаған Білгеміз,
Құламаған елміз мүлде біз.
Көк аспан мен көк ту астында,
Күн сөнгенше біргеміз.

Қыран қазақ, берік іргеміз,
Құламаған елміз мүлде біз.
Әлі бізде алар асу көп,
Бәріміз де біргеміз.