Серік Ибрагимов & Елдос Сметов - Жаным, бауырым

Бауырым менің, ерекең ердің
Жүрген жеріңді береке дермін
Сауық пен сайран, мерекелердің
Ажарысың, ажарысың

Бауырым менің, төрге жетейік
Төрге жетсек те, ел деп өтейік
Екеуміз мәңгі еңбек етейік
Қазақ үшін, қазақ үшін

Қайырмасы:

Жаным, жаным, жаным, жаным, жаным бауырым
Мен тілеймін арманыңның орындалуын
Додаларда тимесінші жерге жауырын
Елге арналсын жеңістеріміз

Әніміз біздің жаңғырған шығар
Сері мен балуан сан құрған шығар
Біз тату болсақ, алдыңнан шығар
Гүлденген жол, гүлденген жол

Бауырсыз жігіт мырза болармас
Мырза болмаса, шын бағаланбас
Шығарайықшы бір жағадан бас,
Бір жеңнен қол, бір жеңнен қол

Қайырмасы:

Жаным, жаным, жаным, жаным, жаным бауырым
Мен тілеймін арманыңның орындалуын
Додаларда тимесінші жерге жауырын
Елге арналсын жеңістеріміз