Рүстем Нұржігіт – Тау ішінде

Сәкен Сейфуллиннің "Тауы ішінде" атты тамаша әнін қазіргі нақышқа келтіріп орындаған Рүстем Нұржігіт жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді. Өткен заман мен бүгінгінің көрінісін бейнебаянында үндестіре білген әнші ерекше туындыны жарыққа шығарған екен. Тау ішіндегі қазақтың ескі дәуірде қалай өмір сүргені мен сұлуға құда түскелі келген жігіттердің  қандай болғанын бейнелеген. Өзі еш еленбестен, тамаша көріністерге куә болып, елді аралап жүреді. Сапалы шыққан туындыны назарларыңызға ұсынбақпыз.