Facebook өзін денсаулыққа зиянды деп жариялады

Facebook өзін денсаулыққа зиянды деп жариялады

5 қараша күні Facebook ресми веб парақшасы әлеуметтік желілерді шектен тыс пайдалану денсаулыққа зиянды деп жариялады. Мамандар Facebook сияқты әлеуметтік желіде күн-түн демей онлайнда отыратындардың шынайы өмірдегі адамдармен қарым-қатынас деңгейі төмендейді, деп дабыл қағып отыр.

Аталған ақпаратқа сенсек, әр күні Facebook-тың барлық қолданушыларының тікелей желіде отыратын уақытын есептегенде, бір миллиард бес жүз миллон минутқа тура келеді екен.

Facebook әлеміндегі адамдар бір-бірімен ақпараттарды бөлісу жағынан жақын дос ретінде танысып, сол ортада қалыптасады да, көгілдір экранға, ғаламторға тәуелділік сезімін арттыра түседі.

Адам өмірін басты құндылық ретінде мойындаймыз деген ұранды көтерген батыс қоғамы да, Facebook әкімшілері де кері үрдісті танып жетті және өз қолданушыларына желідегі уақытты ретті орналастыру жайында кеңестер бере бастады. Facebook парақшасында «Туған күн балкүлшесі көптеген достардың бас қосуып, шұрқырасуына себепкер болады, бірақ, дәмді күлшені көп жеу сіздің денсаулығыңызға, асқазаныңызға зиянды. Facebook-та дәл сол туған күн күлшесі сияқты.»( facebook.com/facebook) деген ескерту қойылған.

Әлеуметтанушылар мен психологтар "Facebook сияқты әлеуметтік желілер тез әрі оңай қарым-қатынас жасау жолы ретінде көрінеді де, көз алдағы ақпараттар толқыны сізді жұтып кете береді. Бірақ, ол сіздің өміріңіз емес. Ол сіздің уақытыңызды өлтірумен қатар, шынайы өмірдегі достарыңызбен ара қатынасыңызды алшақтатады әрі шынайы өміріңіздегі нақты барыс-келістерге немқұрайлылықпен қарай бастайтын боласыз" деп отыр.

Дайындаған: Мейіржан ӘУЕЛХАНҰЛЫ

Сурет: facebook.com

M. Auelkhan