Шілденің 10-18 аралығында эфирлік арналар жұмыс істемейді

Шілденің 10-18 аралығында эфирлік арналар жұмыс істемейді

Шілденің 10-18 аралығында Алматыда телерадио хабар тарату тоқтатылады. Бұған себеп - "Көктөбе" телерадио станциясындағы техникалық жөндеу жұмыстары. Бұл туралы "Қазтелерадио" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

"Көктөбе" станциясындағы техникалық жөндеу жұмыстарының себебінен шілденің 10-18 аралығында күн сайын сағат 09.00-18.00 аралығында (Астана уақытымен) радиотелевизиялық таратқыштар өшіріледі", - деп жазылыпты "Қазтелерадионың" ресми сайтында.

Атап айтсақ, осы күндері "Мир", "Астана", "Қазақстан", НТК, КТК, "Ел Арна", "Первый канал Евразия", "Хабар", "Алматы", "ТАҢ", "HIT TV", "31 канал", СТВ, Жетінші арна телеканалдары мен "Қазақ радиосы", "Шалқар", Classic, "Тенгри FM", "NS радиосы", "Русское радио Азия", "LOVE радио", "Европа +Қазақстан", "Energy радиосы", "Ретро FM Қазақстан", "Авторадио", HIT FM радиостанциялары жұмыс істемейді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: proskurin.ucoz.kz