Сізге фотоаппарат не үшін қажет?

Сізге фотоаппарат не үшін қажет?

Сізге не үшін фотоаппарат қажет? Алдымен осы сұраққа өз-өзімізден жауап тапсақ, фотоаппарат алуда септігін тигізетіні сөзсіз. Фотоаппарат таңдау - фототехниканың қандай мақсатқа жұмсалатынына негізделеді.

90% тіпті одан көп жағдайда фотоаппарат тұрмыстық қажеттілікке орай алынады деп айта аламыз. Бұл дегеніміз не? Бұл дегеніміз мұндай аппарат әсіресе үйде, жұмыста, болуы мүмкін мейрам мен мерекелік шараларда суретке түсуде қолданылады деген сөз. Мұндайда  «қарапайым» фотоаппарат жарай береді. Ал егер әуесқойлық деңгейді қойып, білек сыбанып кірісемін десеңіз немесе жиі саяхаттайтын болсаңыз, сізге күрделірек аппарат қажет болуы әбден мүмкін.

Фотоаппараттарды түсінікті болу үшін екіге бөліп қарастырайық: біріншісі – «қарапайым» фотоаппараттар, екіншісі – «кәсіби» фотоаппараттар. Кәдуілгі тұрмыстағы фотоаппараттардың пішіні де, көлемі де шағын болып келеді, ыңғайлы болғанымен, мүмкіндіктері де шектеулі. Кәсіби аппараттар классикалық компоновкада, өлшемі де үлкен, салмағы да баршылық, соған сәйкес атқаратын функциясы да кең көлемді.

Бәрін кезек-кезегімен айтайын.

Әрине, шешуші рөлді көп жағдайларда сатып алуға бөлінген бюджет ойнайды – қарапайым тілмен айтсақ қолда бар қаражат. Таңдау кезінде қолбайлау болатын осы. Бюджет аз болған сайын, таңдау да оңай, яғни сізге қажет бағаға сай модельдерінің ауқымы да тарыла түседі.

Ары қарай сізге фотоаппарат не үшін қажеттігі жайлы сөз өрбітсек. Егер жоғарыда  айтқандай тұрмыстық қажеттілікке арналса, сізге қарапайым фотоаппарат жетіп жатыр, сіз мұнымен біршама соммадағы ақша үнемдейсіз, және фотоаппараттарды тасығанға да жеңіл. Әрине жоғары сапаға ие болмаса да, көптеген жағдайларда оның функциясы мен сапасы түсірілімге жарап тұр. Айтпақшы, сандық фотоаппарат таңдағанда жарнамаларды жағалап, мегапиксел санына алданып қалмауларыңызға кеңес беремін. Ол бәленбай болуы мүмкін! Мегапиксел саны - бұл аспап матрицасының мүмкін қабілеттілігін, яғни камера элементінің (үлдірге (пленкаға) балама) сезімталдығымен айқындалады. Ендеше фотоаппаратта шешуші деталь объектив. Ал қарапайым фотоаппарат объективінен керемет мүмкіндік күту - ақымақтық. Басқаша айтсақ, сондай кішкентай диаметрлі үш линзалы объективтен жоғары сапалы сурет шықпайды. Және матрицаның өзі, мегапиксел саны бірдей бола тұрса да «өзінің үлкен бауырластарынан» параметрлері анағұрлым төмен.

Ал сапасын қайдан аңғаруға болады? Егер сіз фотосуретті 10*15 форматында басып шығаратын болсаңыз, онда ешқандай айырмашылық байқамайсыз. Бірақ 15*22 немесе одан үлкен форматтарда, айырмашылық айқын бола бастайды. Бұл айырмашылық: фотосурет тұнықтығының төмендеуі және түрлі-түсті нүктелер түрінде артефакттардың пайда болуы т.с.с.

Екі фотоаппарат алсаңыз, тіпті жақсы – үлкен және қолға ыңғайлы қарапайым фотоаппарат, ол әрине қалтаға қосымша салмақ.

Дүкенге бару

Жақсы, сіз фотоаппараттың сізге қажет түрін анықтап алдық делік, ары қарай дүкен жағалай беруге болады. Мұнда қандай дүкенге барған дұрыс деген ой туады? Фототехниканы кез келген жерде сатыла беретіні баршамызға аян – ұялы телефон дүңгіршектерінде, электроника супермаркеттерінде (басқа да орындарда) және мамандандырылған дүкендерінде сату сөрелерінен көруге болады. Әлбетте көптеген осы сияқты нүктелерді аралап, түрлері мен бағаларын салыстырып шыққан дұрыс шығар. Дегенмен соңғы заманауи – мамандандырылған дүкенге тоқтаған дұрыс шығар. Өйткені, бәрімізге белгілі, баға барлық мәселелерді шешпейді, егер сізге керек дәп сол тауарды арзанға тапсаңыз, қуануға асықпаңыз. Мұнда әртүрлі нұсқа болуы мүмкін. Бұл дүкен үлкен сауда айналымын жасайды немесе арзан бағамен тұтынушыларды «арбамақшы».  Немесе бұл фирма – бір күндік, не тауар пайдалануға жарамсыз, ескі болуы мүмкін. Әйтпесе тауар заңсыз түрде әкелінген және т.с.с. құйтырқы әрекеттерден тууы мүмкін. Ал мүмкін тауарға кепілдігінің шарты ақылға қонымсыз. Егер фирма ертеңінде жабылып қалса ше!?

Мұндай күрделі техниканың кепілдігін арзан бағаны қуып, елемей-ақ қоюға әсте болмайды. Ал бұзыла қалған жағдайда өз қалтаңнан (қуырдақтың көкесін көресің) қомақты сомма шығаруға тура келеді.

Демек, тек жақсы дүкендерге барған жөн. Мамандандырылған дүкендердің  тағы бір артықшылығы – онда таңдау үлкен және менеджерлердің кәсіби кеңес беруі (супермаркеттегі «әмбебап» сатушыларға қарағанда). Фирма бірыңғай тауармен айналысқандықтан, бағалары да, негізінен көңілге қонымды болып келеді.

Жалғасы мына жерде

Суреттер: 044.com.ua, mir-svadbi.ru

Дайындаған: Данияр Сәкенов

A. Mustafina