11 пәтер мемлекетке қайтарылды 01 қаңтар 1970, 06:00

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен тұрғын үй саласына жүргізген мониторинг барысында қызметтік пәтерлерді заңсыз алу және тұру фактілері анықталған. Департаменттің бастамасы бойынша заңсыз берілген 11 пәтер мемлекеттік тұрғын үй қорына қайтарылды.       

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірініші орынбасары Д.Омаров Жамбыл облысы бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында баяндама жасады.

Айта кетейік, былтыр тұрғын үй кезегінен 3 мың 600 адам шығарылды. Қызметтік пәтерлерді заңсыз алуға тосқауыл қойылып, бұл мәселе департаменттің тұрақты бақылауында болатынын жеткізді.