5,9 миллиард бюджет қаражаты үнемделді 09 қазан 2023, 11:30

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірыңғай сатып алу терезесі арқылы мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алу жоспарларына мониторинг жасалып, департаменттің енгізген ұсыныстары негізінде мемлекеттік органдардың сатып алу жоспарлары қайта қаралып, нәтижесінде 5,9 миллиард теңгеден астам бюджет қаражат үнемделді.               

Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірініші орынбасары Д.Омаров мәлімдеді.

Мысалы, Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі құны 275 миллион теңге болатын 1 кеңсе ғимаратын сатып алуды жоспарлағаны анықталды. Департаменттің ұсынымынан кейін сатып алу бағасы қайта қаралып, 120 миллион теңгеге дейін төмендетілді, нәтижесінде 155 миллион теңге үнемделді.

Бірыңғай сатып алу терезесі арқылы мемлекеттік органдардың жоспарларына мониторинг алдағы уақытта да тұрақты түрде өз жалғасын тауып, бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау фактілерін алдын алу бойынша жұмыс жалғасатын болатынын айтып өтті.