MBFWA: Khan Kuchum брендінің топтамасы

MBFWA: Khan Kuchum брендінің топтамасы

Mercedes-Benz Fashion Week − еліміздегі көптен күткен шаралардың бірі. Бұл қазақстандық сән индустриясының дамып, өркендеп келе жатқанының бірден-бір дәлелі десе болады.

Апталықтың тағы бір топтамасын назарларыңызға ұсынамыз. Хан Кучум атты брендтің негізін жас дизайнер Данила Окай қалады.

Ақ-қара-сарғыш түстер бұл үлгіде жақсы үйлесімін тапты. Дегенмен, спорттық стильдегі белдемше жартылай классикалық стильдегі жейдеге қалай болса солай таңдалып, асығыс түрде киілген киім секілді көрініп тұр. Жейденің жарты бөлігінің белдемшеден тыс тұрғаны қазіргі сән индустриясының айналымында жүрген "әдетке" сай келеді.

Қысқа жеңді, бостау тұратын пенжак пен сол түстегі спорттық шалбарды біз, әдетте, сән журналдарынан көріп тұратынбыз. Даниланың ұсынған бұл үлгісінде мына пенжакты жейдемен кез келген жерге кие беруге болады. Ал мына шалбарды дәл осындай үлгіде киюге кез келген ер адам бармайды. 

Бұл модельге артынан қарасаңыз көшеде жолдарды тазалайтын қызметкер деп қаласың. Себебі бұл ашық сарғыш түс пен жейденің пропорциялары дәл сол қызметклердің униформасына ұқсас келеді. Ассиметриялы белдемшенің кесілген жері жейденің кесілген жерімен паралель орналасқан.

Қазіргі күнде мына үлгідегідей бостау, төменге қарай тарылған және қысқалау келетін шалбарлар сәнде екені белгілі. Ассиметриялы жейденің көк-сарғыш түстері ақ-қара көк шалбарға жарасымды тұр.

Бұл үлгіге қарап спорттық стильдегі образ деп айту қиын. Алайда кроссовкаға қарап, таңданып қаласың. Ақ-қара классикалық түстердің мынадай материалмен үйлесімі, оның үстіне ұзын жеңді жейде мен шалбар − оқуға, кеңсеге киюге болатын образ болып тұр.

Міне, нағыз спорттық стильдегі образға да жеттік! Тізеге дейін келетін ақ-көк түсті шорты мен жеңі шынтаққа дейін келетін жеңіл жейде теннис ойыншысының образына ұқсас келіп тұр.

Бұл үлгіге қарап жеңіл жейденің бір жағы кесіліп қалмағанында футбол ойыншылары киетін форма деп ойлап қалар едік.

Мына ұзын халатқа қарап, еден жуатын қызметкерлер есіңе түседі. Алайда олардың "найк" кроссовкаларын кигенін көрген жоқпыз.

Бұл үлгіге қарап "Мына жейдеден тыс тігілген капюшон қайдан шықты?" деген сұрақ туындаған болар. Бұл дизайнердің жеке креативті ойлауының туындысы. 3х4 жеңді бұл жейде қазір сәнде.

Бұл образ топтаманың алғашқы үлгісіне ұқсас келеді. Айырмашылығы: жейде белемшенің ішіне салынбаған және түстері әртүрлі.

Суреттегі топ пен шалбар бостау тұр, бұл спортпен шұғылдануға ыңғайлы етіп тігілгендей көрінеді. Бұл үлгідегі шалбар басқаларынан ерекше, себебі бұл жолы шалбардың етегі ұзындығы сонша, оны түріп қоюға мүмкіндік бар.

Шынтақтан сәл төмендеу орналасқан толстовканың жеңі сән әлемінде сирек кездесетін үлгі. Қарапайым спорттық шортыны ерекшелендіріп тұрған бұл толстовканың капюшоны да өзгеше тігілген екен. Алайда бұл арада капюшонды кию мүмкін бе, жоқ па деген күмән туады.

Бұл үлгіде біз бомберге ұқсас күрте көріп тұрмыз. Бұл топтамадағы киімдерден ерекшелігі − жеңінің 3х4 емес, қолмен қол болып тұрғаны. Сонымен қатар, осыған дейін қыздар шортыны ұсынбаған еді.

Бұл Хан Кучум брендінің подиумға алғаш шығуы. Данила атты дизайнерге шығармашылық табыс пен шабыт тілейміз!

Сурет: @massaget.kz