Әлемдегі балалардың 3 пайызы ғана әке-шешесінің үмітін ақтайды

Әлемдегі балалардың 3 пайызы ғана әке-шешесінің үмітін ақтайды

Соңғы зерттеулер нәтижесіне сәйкес талантты балалардың барлығы бірдей өкінішті тағдырды басынан өткізуі мүмкін екендігі анықталған. Аталған зерттеуге 210 бала қатысып, оның 3%-ы ғана дұрыс жолдан таймай, өз талантын жетілдіре білген.

210 баланың ішінен тек 12-сі ғана ата-анасының үмітін ақтағандығын профессор Джоан Фриман дәлелдеді.

6-7 жастағы балалардың көбісі ерекше потенциалға ие болып, артынша бұл қасиетінен толықтай айырылады. Профессор Фримен 1974 жылдан осы күнге дейінгі математика, өнер және музыка саласындағы талантты балалардың өмірлік жолы туралы мәлімет жинаған. Мұнымен қатар олардың қасиетінен айырылуына үлкендер жіті қадағалауының әсері болғандығы анықталған. Тіпті, кейбір жағдайда ата-аналары оларға достарымен сөйлесуге тыйым салған, немесе тым көп көңіл бөлген екен.

Сөзіміздің дәлелі ретінде бірнеше мысал келтірейік.

Эндрю Халибертон небары 8 жасында орта мектеп математикасын меңгеріп алған. Алайда есейген шағында ЖОО-ны тастап, Макдональдске жұмысқа тұрады. Соңғы кездері оқуға қайта оралуды жөн көріп жүр.

Анна Маркленд пен Джосемин Лавин екеуі бірге 11 жасында Манчестердегі Четам музыка мектебінде білім алады.

1982 жылы 46 жастағы Маркленд «Жыл музыканты» жүлдесіне қол жеткізеді. Артынша Оксфордта білім алған соң 2 жыл аспирантураны жалғастырып, профессионалды музыкант атанады. Ол өзінің жұмысының ең мықты мамандық екенін айтады.

Ал Лавиннің тағдыры мүлдем өзгеше. Ол музыкадан бас тартып, ғылым жолына түседі. Мұнымен қатар жоғарыдағы 210 баланың ішінен білім сапасына байланысты ең жоғарғы көрсеткішке ие болған. Өкінішке орай, бұдан кейін математикадан да бас тартып, оқудан шығады. Қартайған шағында 20 жыл математика пәнінің мұғалімі болып қызмет жасайды. Дәл қазір үйінің ипотекасы төленбегендіктен, банк оны алып қоюы мүмкін. Ол өзімізге ляззат сыйлайтын іспен айналысқан кезде ғана нәтижеге қол жеткізе алатындығымызды айтады. Сондықтан балалардың балалық шағын ұрламаған жөн болар.

Ал Сіз өзіңіздің сүйікті ісіңізбен айналысып жүрсіз бе? Олай жасамаған жағдайда өкініп қаламын деп ойламайсыз ба? Пікіріңізбен бөлісе отырыңыз.

Сурет:massaget.kz

 

Қ. Бүйенбай