Денсаулық сақтау министрі брифингте не айтты?

Денсаулық сақтау министрі брифингте не айтты?
Фото: massaget.kz

Орталық коммуникация қызметінде "Коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай туралы" тақырыбында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен брифинг өтіп жатыр.

Live-шығарылым

Қауіпсіздік шараларын сақтау

Министр азаматтарға әлі де үйден шықпауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Эпидемия таралуы азайып келе жатқанын хабарлады. Десе де, Түркістан, Қызылорда облыстарында аудандық деңгейде коронавирус жұқтырғанын айтты. Қарт адамдарға арнайы жағдай жасалатынын да тілге тиек етті.

Дәрігерлер қызметі

Қазақстан бойынша 28 дәрігер індет жұқтырған. Олардың вирус жұқтыру себебі анықталып жатыр. Олар басқа вирус жұқтырғандар секілді ауруханада ем алып жатыр. "Дәрігерлердің күндіз-түні жұмыс істеуі, антына берік болуы – осы індетпен күрестің керемет үлгісі болып отыр. Сәуір айының 5-жұлдызына дейін тиісті төлемақы төленеді", - деді министр.

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. ДДСҰ ұсынысы бойынша COVID-2019 коронавирусына диагноз қою және аталған инфекцияны емдеуге арналған қолданыстағы клиникалық хаттама жаңартылып, қабылданды" деді.

Дәрі-дәрмек жеткізілу бойынша «СҚ Фармация» Басқарма төрағасы Берік Шәріпұлы сөз алды.

"Әлеуметтік осал топтарға дәрі-дәрмек тегін таратылады. Медициналық масканың жетіспеушілігі байқалады. Бірақ бұл жағдай ретке келеді. Қытайдан медициналық маска тапсырыс бердік. АҚШ секілді алпауыт елдер көп тапсырыс берген соң, біз берген тапсырыс кешігіп жатыр. Бірақ 15 сәуірге дейін тағы да маска алдырамыз. Дәрі-дәрмек әзірге жеткілікті" деді Берік Шәріпұлы.

Тілшілер сауалына жауап

"Дәрігерлерге берілетін премияларды бөліп төлек регламенті қарастырылады. Арнайы штаб құрылады, комиссия құрамына белсенді азаматтарды қатысады. Тізім бойынша әр медқызметкердің қанша төлемақы алатыны ашық көрсетіледі".

"Біз ДДСҰ-мен тікелей байланыстамыз. Әлемдік жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Инфекцияның таралуы деңгейін төмендетуге қызмет істеп жатыр. ҚХР, Оңтүстік Кореяда эпидемия өсімі азайған. Күзде де эпидемия таралады деген болжам бар. Оған біз, ел дайын болуымыз керек. Карантиндік шараларды қабылдап, түсіністікпен қарау қажет".

"Коронавируспен күресуге елімізде әзірге кәсіби дәрігерлер саны жеткілікті. Жағдай қиындаған жағдайда интерн, резиденттер шақырылады".

"Нұр-Сұлтан қаласында ауыр жағдайда жатқан 5 науқастың жағдайы өте нашар. Жалпы елімізде ем қабылдап жатқан науқастардың ішінде 11 адамның жағдайы ауыр, ал біреуінікі өте ауыр деп бағаланды. 68 науқастікі орташа, 341 науқаста симптомдар байқалмайды. Инфекция өкпеген әсер еткен соң, жасанды вентиляцияда жатыр. Азаматтардың жасы әртүрлі. Жалпы 50 жастан асады. Осы аптада елордада республикалық интенсивті орталық аштық. Кардиохирургтар, реаниматологтар, басқа да білікті дәрігерлер осы жерде жиналды. Науқастар осы жерге кеп емделсе болады. Түнде үнемі онлайн-конференция өтіп жүр. Менің бақылауымда осындай ақпарат бар".

"Үш қалада шұғыл тұрғызылатын инфекциялық аурухана салынады, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында. Халықаралық стандартқа сай етіп салынатын болады. Науқастар 3-4 апта интенсивті ем ала алады. Көптеген елде мұндай шаралар қолға алынған, яғни әлемдік тәжірибеде бар. Біз де осындай шешімге келдік".

"Наурыз айы басталғанда "Қазақстанда неге індет жұқтырғандар жоқ? деген сауалдың астына алған. Қазір бәрі Қостанай облысының сақтану феноменін сұрап жатыр. Бұл дәрігерлердің жемісі деп ойлаймын. Олар кез келген жағдайға дайын".

Ақпарат толықтырылуда

Г. Берік