ТЖ байланысты министрлер брифингі

ТЖ байланысты министрлер брифингі
Фото: google.kz

Елдегі төтенше жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бүгін арнайы брифинг өткізеді. Брифинг кестесі төмендегідей:

12:00 - ТЖ кезеңінде Қазақстандағы қашықтықтан білім беру туралы. Спикер: Асхат Аймағамбетов - ҚР Білім және ғылым министрі.

16:00 - Қазақстандағы коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай туралы. Спикер: Елжан Біртанов - ҚР Денсаулық сақтау министрі.

17:00 - Қазақстандағы коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай туралы. Спикер:Дәурен Абаев - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі

Брифингтерді «Хабар24» телеарнасынан және coronavirus2020.kz сайтынан көруге болады.

Г. Берік