Коронавирустан тағы 2 адам айықты

Коронавирустан тағы 2 адам айықты
Фото: envato.com

Алматыдағы коронавирус індеті бойынша жағдай

3 сәуір күні таңертең Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 91 жағдайы тіркелді.

Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда 81 науқас емделуде. Олардың бірі - Алматы облысының тұрғыны.

68 науқастың жағдайы қанағаттанарлық.
2 ересек адамның жағдайы - ауыр, 11 ересек адамның жағдайы орташа ауыр (олардың біреуі облыстан).

Бүгінгі күні инфекциялық стационардан екі адам жазылып шықты. Екеуі - әйел, біреуі - 15 наурызда Ыстамбұл-Алматы рейсімен, екіншісі 22 наурызда Египеттен келген.

Барлық шығарылғандар саны - 13, оның ішінде екеуі - бала.

Провизорлық орталықтарда бүгінде 613 адам карантинде тұр, оның ішінде 79-ы балалар.

Екі күндік карантинде 446 адам, үй шаруашылығында - 4411 адам орналастырылған.

Г. Берік