СҚО-да екі бала коронавирус жұқтырды

СҚО-да екі бала коронавирус жұқтырды
Фото: envato.com

Солтүстік Қазақстан облысының тағы үш тұрғынынан коронавирус анықталды.

Бұл туралы СҚО Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз хатшысы Екатерина Белоусова мәлімдеді. Оның ақпаратына сәйкес, инфекция 2015 жылғы бала ағзасынан оң нәтиже көрсеткен. Ол әкесімен провизорлық стационардан шығуға дайындалып жатқан екен. Енді карантин ұзартылады, медициналық бақылау жалғасады. Науқас "Бірінші қалалық ауруханадағы" жұқпалы аурулар бөліміне оқшауланды.

Коронавирус анықталған тағы бір бала - 2013 жылы туған, ол Қызылжар ауданы Бескөл ауылында тұрады.

Сондай-ақ, коронавирус Петропавл қаласында тұратын 87 жастағы әйелден табылды. Ол науқас адаммен байланыста болғандардың қатарынан және қазір ауруханада.

СҚО-да коронавирус жұқтырған барлығы 11 адам бар. Олардың екеуі медицина қызметкері, үшеуі Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 3 сәуірдің 12.00 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай: жалпы 448 науқас тіркелді.

Г. Берік