Петропавл қаласы карантинге жабылады

Петропавл қаласы карантинге жабылады
Фото: twitter.com

3 сәуірден бастап Петропавл қаласы карантинге жабылмақ. Әзірше қалада шектеу шаралары ғана енгізілген. Енді 3 сәуір күні түнгі сағат 00.00-ден бастап қала толықтай жабылып, қатаң режім енгізілмек.

- Көшеде, жолда, тротуар мен алаңда дезинфекция жұмыстары жасалады. Санитарлық тазалау жұмыстары да қолға алынбақ. Қоғамдық орындар, саябақ пен саяжолдар жабық. Бүгін түнге дейін тұрғындардың қалаға кіріп алуына не шығып кетуіне уақыт бар. Түнде автокөлік қозғалысына толық шектеу қойылады, - деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов.

Қалаға қатынайтын қоғамдық көліктер, машруттар тоқтайды. Қалалық қоғамдық көлік те қатынамайтын болады.

- Әкімдік, құқыққорғау органдары, коммуналды қызмет пен қаланың инфрақұрылымын қамтамасыз ететін ұйымдардан басқа бірлестіктердің барлығы жұмысын тоқтатады, - деді облыс әкімі.

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысында коронавируспен ауырғандардың 7-уі анықталып отыр.

Қ. Слямбек