Қарағандыда көз жұмған тұрғынның үш туысқаны коронавирус жұқтырған

Қарағандыда көз жұмған тұрғынның үш туысқаны коронавирус жұқтырған
Фото: yandex.kz

2 сәуір күні Қарағандыда 6 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оның ішінде үшеуі көз жұмған ер адамның туысқандары.

Қазақпарат агенттігі хабарлағандай, вирус жұқтырғандар қазір инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Тағы бір адам үй карантинінде. Қазір оны ауруханаға жатқызу жағы қарастырылуда.

- Эпидемологиялық тергеу жүргізілуде. Көз жұмған тұрғынның туысқандары да коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Жалпы марқұм 200 адаммен қарым-қатынаста болған, оның 54-і стационарда, 150-і үй карантинінде жатыр, - деп хабарлайды Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Қарағанды облысында коронавирус жұқтырғандар саны 21-ге жетті, бір адам көз жұмды.

Қ. Слямбек