Алматыда онлайн форматта квест ұйымдастырылады

Алматыда онлайн форматта квест ұйымдастырылады
Фото: massaget.kz

Алматылықтар 15 қыркүйекте "қала күнін" тойлайды. Қазіргі уақытта, айтулы датаны тойлауға арналған жоспар жасалып, іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осындай мерекелік шараның бірі – Almaquest квесті болмақ.

Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Almaquest — екі кезеңнен тұратын мәдени шара. Оған ниет білдірушілердің барлығы қатыса алады. Ол үшін almaquest.kz сайтында тіркелу қажет. Бұл Алматы көшелерімен жаяу немесе велосипед арқылы серуендеуге арналған квест.

Аlma Quest — бұл бір сценарий бойынша біріктірілген тапсырмалар тізбегі. Таңғажайып және көңілді командалық спорт ойыны. Ойынның мәні — қаладағы объектілердің шифрланған орнын мүмкіндігінше жылдам табу, барлық тапсырмаларды дұрыс орындау, ой жүйріктігі мен білімнің арқасында мәреге жету.

Тапсырмаларды орындау үшін қаланың негізгі нысандары, тарихи фактілер, мұндағы адамдар туралы қызықты мәліметтерді пайдалануға болады. Ойын онлайн режимде өтеді. Барлық тапсырмалар ұялы телефон арқылы орындалады.

Қатысу ережелері, шараның басталуы, аяқталуы және сыйлық қоры туралы ақпаратты almaquest.kz сайтынан  алуға болады.

А. Қажиев