Түркістанның жаңа логотипі қандай болады?

Түркістанның жаңа логотипі қандай болады?
Фото: facebook.com

Түрленген Түркістанның жаңа логотипі бекітіледі. Жуырда ғана қала әкімі қызметіне келген Рашид Аюпов логотиптердің бірнеше жобасын ұсынды. Бұл туралы қала әкімдігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы жазды.

- Сіздерге Түркістанның жаңа логотипінің жобасын ұсынамын! Біз онда ежелгі және қазіргі заманғы миксті көрсетуге тырыстық. Қала өзінің тарихи келбетін сақтай отырып, заманауи болуы керек. Логотиптің негізгі сарыны Жібек жолы бойындағы қозғалыс. Таяуда ол қоғамдық тыңдауда, содан кейін мәслихат сессиясында талқыланатын болады. Егер бекітілсе, жаңа логотип қаладағы көптеген нысандарда пайда болады", - деді қала әкімі Рашид Аюпов.

Н. Үсенова