Қазгидромет: Қазақстанда жақын күндері аяз болмайды

Қазгидромет: Қазақстанда жақын күндері аяз болмайды
Фото: vk.com

"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамы бойынша, 16-18 қаңтарда ауа райында күрт өзгеріс болмайды. 

Циклондар мен атмосфера фронттары Атланттан ығысып, республикаға жылы және ылғал ауа массаларын алып келеді. Сондықтан көптеген облыста қар, солтүстікте бұрқасын және қатты екпінді жел, оңтүстік облыстарда тұман және көктайғақ күтіледі.

Ауа температурасы республиканың солтүстік жартысында нормадан 3…8°С-қа жоғары, ал оңтүстікте нормаға жуық сақталады.

19-20 қаңтарда атмосфера фронттарының әсерінен республиканың солтүстік және шығыс аймақтарында кей жерлерде қар жауып, боран болады, батыстан және солтүстік-батыстан қатты жел соғады, ауа температурасы түнде 10-18, күндіз 5-10 градус аяз болады.

Қалған аумақта – жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі, батыста ауа температурасы түнде 2-10, күндіз 4 градус аяз, 2 градус жылы; оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 8-15 градус аяз, күндіз 5 градус аяз, -2 градус жылы; орталықта түнде 8-15, күндіз 5-10 градус аяз болады. Мұндай ауа температурасы көпжылдық орташа мәннен 3-5°С жоғары.

Нұр-Сұлтан қаласында 19 қаңтарда түнде 7-12 градус, түнде 3-8 градус аяз болса, 20 қаңтарда түнде 13-18, күндіз 7-12 градус аяз болады.

Т. Раушанұлы