Электрші лотереядан 18 миллион теңге ұтып алды

Электрші лотереядан 18 миллион теңге ұтып алды
Фото: Сәтті жұлдыз

Соңғы үш айдың ішінде Ринат Иминов өз бағын лотереядан сынап келді. Туысқандарының «Ұтып жүрсің бе?» деген сұрағына ол сенімді түрде «Бір күні ұтамын» деп жауап қайыратын. Сәттілік өзін ұзақ күттірмеді. Өткен сенбіде Ринат SuperBingo-ның бесінші иегері және «TeleBingo»-ның 25-ші  лотереялық миллионері атанды. Ол 18 016 949 теңгені қанжығасына байлады.

• Мен теледидар алдында ойынның тікелей эфирін көріп отырдым. Соңына қарай жалғыз жеңімпаз өзім екенін түсіндім. Ең соңғы сан 23 болды. Эмоциялар көп болды. Қуанышымда шек болмады, бақыттың көз жасы да тамды (күледі). Қуанғаным соншалық. Соңғы үш айда мен күн сайын «Сәтті Жұлдыздың» лотереяларын ойнап келдім, жеңіске қарай ұмтылдым, жеңдім де! Бұның алдында ұтыстар болды, әрине, бірақ мұндай үлкен емес.

Миллиондар ұтып алған көптеген басқа да жолыболғыштар сияқты Ринат та отбасына үй сатып алып беруге ниетті.


Ал дәл сол күні еліміздің солтүстігіндегі Павлодарда Бастемиевтер отбасында үлкен қуаныш орын алды, себебі олар автокөлік ұтып алды. Автокөлік ұтысы «Сәтті Жұлдыз» бен қаладағы танымал супермаркеттер желісі бірігіп жасаған науқан аясында өткізілді. Дәл сондай науқан қазір Нұр-Сүлтан қаласында  1-ші маусым мен 7 тамыз аралығында жүруде.  

«Шынын айтқанда, әлі де сене алар емеспін, аяғым дірілдеп жатыр», - дейді өз бақытына өзі сенбеген Мәлике. Оның айтуынша, лотереяны бірінші рет осы науқан аясында ойнап көрді. Ұтыс ойынына барлығы 3 купонды қатыстырған Мәликенің 1 купоны сәттілік алып келді.

Осы сәрсенбіде «Сәтті Жұлдыз» Ұлттық лотерея операторы «Loto 6/49» ойынында 20 миллион теңге ойнатады. Билеттерді «жұлдызы» бар дүкендерден, ірі супермаркеттерден, «Қазпошта» бөлімшелерінен, «Касса 24» қосымшасы мен терминалдарынан және сайттан онлайн сатып алуға болады.

серіктес мақаласы

Т. Есқали