Тоқаев сайлауда жеңіске жетті – ОСК

Тоқаев сайлауда жеңіске жетті – ОСК
Фото: oqsyz.com

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлаудың алдын-ала қорытындыларын жариялады.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76 пайыз дауыс жинған, бұл 6 миллион 504 мың 54 дауыс.

Келесі нәтижелер мынадай:

Жамбыл Ахметбеков – 167 249 - 1,82 пайыз;
Дания Еспаева – 478,153 - 5,2 пайыз;
Әміржан Қосанов – 1,472,733 - 16,02 пайыз;
Төлеутай Рахымбеков – 294 271 - 3,2 пайыз;
Амангелді Таспихов –190 304 - 2,07 пайыз;
Қасым-Жомарт Тоқаев – 6,504,054 - 70,76 пайыз;
Садыбек Түгел – 84,348 – 0,92 пайыз", – деді ОСК Төрағасының орынбасары Константин Петров. Қазақстан бойынша сайлауға халықтың 77,4 пайызы қатысқан.

Айта кетейік, кеше Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Елде сайлау учаскелері Нұр-Сұлтан уақытымен таңертеңгі сағат 7.00-де ашылып, кешкі сағат 20.00-ге (48 учаске таңғы 6.00-ден бастап ашылады) дейін жұмыс істеген. Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) бұған дейін ел аумағында 9 970 сайлау учаскесі жұмыс істейтінін хабарлаған. Қазақстаннан тыс жерде 51 елде 65 сайлау учаскесі ашылған.

Т. Раушанұлы