«Бапкер» телехикаясы көрерменге жол тартпақ

«Бапкер» телехикаясы көрерменге жол тартпақ

Наурыздың 18-нен бастап Қазақстан Ұлттық телеарнасында «Бапкер» отандық телехикаясының тұсаукесері.

Басты кейіпкер Бауыржанның рөлін «Сардар», «Келін», «Жерұйық» кинотуындыларындағы жұмыстарымен танымал болған Қ. Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрының талантты актері Ержан Нұрымбет орындап шықты.

Фильмнің режисері - Бек Әбенов. Ал хикаяда Бақытжан Әлпеисов, Нұргүл Мағауина, Балтабай Сейтмамытов, Гүлшат Тұтова, Алихан Аманжолов, Данияр Базарқұлов және басқалар рөл сомдайды.

Оқиға желісінде бокс бапкерінің өмірі мен мақсаты жайлы баяндалған. Оның арманы - мықты чемпион тәрбиелеп шығару. Сүйікті кәсібінен басқа ол бір жанұяның отағасы, аяулы әке. Бірақ өкінішке орай сүйікті ісімен жанұясын асырауға мүмкіндігі жоқ. Сол себепті шаңырағы шайқалудың әр жақ бер жағында. Ол өз мақсатына жете алады ма?

«Бапкер» телехикаясын «Қазақстан» Ұлттық арнасынан сағ: 21.50-де жіберіп алмаңыздар!

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: «Қазақстан» ұлттық арнасы

А. Құлтай