Онлайн-олжа: Музыканы қысқартатын сервистер

Онлайн-олжа: Музыканы қысқартатын сервистер
Фото: freepik.com

Музыканың тек 15 секунды керек болғанда арнайы бағдарлама орнатудың қажеті жоқ. Ол үшін мынадай веб-сервистерді пайдаланса да болады.

1. MP3cut

MP3cut AAC, MP3, FLAC, OGG, WAV сияқты 300-ге жуық дыбыс форматын қабылдайды. Файлды Google Drive, Dropbox немесе компьютерден жүктеуге болады. Файлды жүктеген соң, шкаладан керек фрагменттің басы мен аяғын көрсету керек. Дайын фрагментті MP3, M4A, M4R, FLAC, WAV форматында жүктеп алуға болады. Сонымен бірге сервис видеофайлды аудиоға конвертация жасай алады.

Сервистің қосымша функциясы – бірнеше аудиофайлды біріктіру.

2. Audio Trimmer

Егер алдыңғы сервис көңіліңізден шықпаса, оның Audio Trimmer деген баламасын пайдалануға болады. Екеуінің айтарлықтай айырмашылығы жоқ.

Өзге онлайн-олжалар

Massaget.kz