Онлайн-олжа: Фото мен видеодағы фонды өшіретін сервистер

Онлайн-олжа: Фото мен видеодағы фонды өшіретін сервистер
Фото: pinimg.com

Видеодағы, фотосуреттегі фонды өшіру үшін арнайы редакторларды қолдану шарт емес. Ол үшін файлды аз уақытта жасанды интеллект көмегімен өңдеп беретін онлайн-сервистерді пайдаланса болады.

Remove.bg

Remove.bg веб-сервисі суретегі объектіні танып, фонын алып тастайды. Әрдайым мінсіз қиып шығады деуге келмейді. Әсіресе фонға ұқсаған объектілерді дұрыс ажырата бермейді. Дегенмен оны басқа фоторедактормен өңдеп жіберсе болады.

Қалай болғанда да Remove.bg уақыт үнемдеуге жақсы. Бірнеше секунд ішінде дайын болған суретті png форматта жүктеп алуға болады.

Unscreen.com

Unscreen онлайн-сервисі нейрожүйе көмегімен бірінші пландағы объектіні танып, артындағы фонын алып тастауға, өзгертуге мүмкіндік береді. Фонға бірыңғай түсті, фото немесе видео қоюға болады. Сервис объектілерді біршама сапалы қияды. Нәтижесін MP4, WEBM, OGG және GIF форматында тегін жүктеп алуға болады (видео астына Unscreen су белгісі қосылған).

Өзге онлайн-олжалар

Massaget.kz