Онлайн-олжа: Көп сілтемені бір сілтемеге қалай топтастыруға болады?

Онлайн-олжа: Көп сілтемені бір сілтемеге қалай топтастыруға болады?
Фото: kinsta.com

Презентация, келіссөз немесе питчтен кейін сіз кеңес берген біраз сілтеме үйіліп қалуы мүмкін. Оның барлығын жоғалтып алмай, кезек-кезек жіберіп немесе жаздыртып отырғанша, бір сілтемеге топтасыруға болады. Мұндайда The Urlist сервисі көмекке келеді.

Сервисте бірнеше бір тізімге сілтемені жүктеп, кез келген адаммен бөлісуге болады. Сілтемелерді кезек-кезек жүктеген соң, барлығын біріктіретін индивидуал сілтеме таңдап, сипаттамасын жазу керек. Тақырып латын әріптерімен жазылып, бұған дейін сервисте пайдаланылмаған болуы тиіс.

Жүктелетін сілтемелер санына шектеу жоқ және олардың орналасу ретін өзгертуге болады.

Мысалы theurlist.com/ahmetbaitursyn сілтемесі арқылы бірден 3 сілтемеден тұратын тізімге өтуге болады.

Өзге онлайн-олжалар

Massaget.kz