Жасанды интеллект киберспортшыларды жеңіп кетті

Жасанды интеллект киберспортшыларды жеңіп кетті
Фото: theverge.com

OpenAI компаниясының жасанды интеллект өнімі Dota 2 дисциплинасы бойынша әлем чемпиондарына қарсы ойнап, жеңіске жетті. Кездесу OpenAI Five финалы аясында Сан-Францискода өтті. Машинаға қарсы OG кәсіби командасының бес ойыншысы ойнады. 

Ойынды тамашалағандар бұл кездесу жасанды интеллект прогресіне айтарлықтай серпін бермек, себебі бұған дейін машина киберспортшылардан жеңіліп келген. Мысалы былтыр дәл осы OpenAI Five финалында paiN командасы жасанды интеллектіні жеңген еді.

Компанияның техникалық директоры Грег Брокманның айтуынша, жүйе әбден үйретілген, яғни оған бағдарлама жасалмаған, мыңдаған модель негізінде оған ойын табиғаты сіңіріліп, әбден үйретілген. Осыған дейін OpenAI Five тоғыз ай бойы Dota 2-нің 45 000 жылдық ойын процесін өткерген. 

Кездесу барысында командалар он жеті кейіпкерден таңдап ойнаған. Жасанды интеллект ойын бастала салысымен өлген кейіпкерлерді тірілтіп, агрессиялық тактика қолданған.

Брокман айтуынша, жүйе жылдам шайқастар мен қысқамерзімді олжаға бейім, себебі ұзақ уақыттық стратегияға машықталмаған. Сондықтан оның мүмкіндігі әлі де мінсіз емес. Дегенмен бұл финалда жасанды интеллект өте маңызды ұпай еншіледі.

Massaget.kz