1977 жылы ұшырылған "Вояджер-2" Күн жүйесі шекарасына жақындап қалды

1977 жылы ұшырылған  "Вояджер-2" Күн жүйесі шекарасына жақындап қалды
Фото: habr.com

1977 жылы 20 тамызда NASA тарапынан ғарышқа ұшырылған "Вояджер-2" кеңістіктегі Күн жүйесі шекарасына жақындап қалғандығы және жақын күндері жұлдызаралық кеңістікке шығып кететіні анықталды.

Тамыздың соңында құрылғыдағы детекторлар ғарыш жарығының қуаты артқандығын анықтай бастаған. 5 қазандағы тексеру нәтижесінен кейін ғалымдар оның шекараға жақындап қалғандығын анықтаған.

"Вояджер-2" әрекеті 2012 жылы "Вояджер-1" Күн жүйесінен шығардан 3 ай бұрынғы жасаған әрекетіне ұқсайды. Бірақ мамандар зондтың қашан Күн жүйесінен шығып кететінін дөп басып айта алмайды. 

"Біз зонд айналасындағы өзгерістерді бақылап отырмыз. Тек оның шекараға жақындап қалғанын анықтадық, бірақ қашан кесіп өтетінін анық айта алмаймыз", – деді "Вояджер" жобасының физигі Эд Стоун. 

Қазіргі уақытта зонд Жер шарынан 17,7 миллиард қашықтықта секундына 15 шақырым жылдамдықпен Күн жүйесі тізімінен ұзап бара жатыр. 

Ғалымдардың есептеуінше, ол Күн жүйесінен шығып кеткеннен кейін 10-20 жыл ішінде Жермен байланысты үзеді. Ары қарай оның хабар жіберуге қуаты жетпейді. Егер "Вояджер-2" Күн жүйесін кесіп өтсе, ол Күн жүйесі тізімін тәрк еткен екінші құрылғы болып саналады.

Т. Раушанұлы