Лифтіні алмастыратын велосипед

Лифтіні алмастыратын велосипед
Фото: https://www.rca.ac.uk

Ұлыбританиядағы өнер колледжінің түлегі Елена Ларриба жаңа лифт түрін жасап шығарды. Оның ойынша бұл қарапайым лифтіге қарағанда адам денсаулығына әлдеқайда пайдалы.  

Vycle жүйесі велосипед тепкісіне ұқсайтын құрылғы арқылы жасақталған. Жалпы жаңа технологияның құрылымы велосипед іспеттес. Бұл құрылғы лифтіге қарағанда аз орынды талап етеді әрі пайдасы зор. «Баспалдақтар қолданыстан шығып барады. Үлкен ғимараттарда оны қолданбайды. Ал, лифт болса тоқты көп мөлшерде қажет етеді. Ал менің жаңа жүйем осы екеуінің арасындағы тепе-теңдікті қалыптастырады»,– дейді Елена.

Құрылғының дизайнері Vycle технологиясын құрылыс кезінде қолдануға болатынын да алға тартты. Құрылғы жеңіл, оңай жиналып, оңай құрастырылады. Ол болашақта көтергіш крандардың орнын алмастырары сөзсіз.

Т. Есқали