FIFA карантин кезінде YouTube-те тарихи матчтарды көрсетіп жатыр

FIFA карантин кезінде YouTube-те тарихи матчтарды көрсетіп жатыр

Дүниежүзілік футбол федерациясы (ФИФА) ресми YouTube-арнасында футболдан әлем чемпионаттарының үздік матчтарын көрсетіп жатыр.

YouTube-арнада матчтар премьера режимінде жоспарланған. Видеоны кейін кез келген уақытта көруге болады. Бүгін 1990 жылы Италияда өткен әлем чемпионатындағы 1/8 финалда кездескен Аргентина мен Бразилия құрамаларының ойыны көрсетіледі. Көрермен Диего Марадона, Клаудио Таффарель сияқты даңқты футболшылардың өнерін тамашалай алады.

Бұған дейін Франция-Бразилия (ӘЧ-2006) және Бразилия-Франция (ӘЧ-1986) матчтары көрсетілді. Әр видеоны сипаттамасына ФИФА #WorldCupAtHome хэштегін қойып, көрерменге карантин кезінде үйде болуға үндеген.

Коронавирус пандемиясының салдарынан Еуропа чемпионаты 2021 жылға шегерілген еді, Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы сынды турнирлер мен ұлттық чемпионаттар тоқтатылды.

Massaget.kz