17 жастағы қақпашы мен шабуылшы Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

17 жастағы қақпашы мен шабуылшы Чемпиондар лигасында рекорд орнатты
Фото: RT.com

УЕФА Чемпиондар лигасының соңғы алтыншы турының алғашқы күні өтіп, плей-офф кезеңіне жолдама алған алты ұжым анықталды.

Алтыншы турда "Генктің" қақпасын қорғаған Мартен Вандервордт Чемпиондар лигасының тарихындағы ең жас қақпашы атанды. Ол 17 жаста (287 күн). Сондай-ақ "Интер" қақпасына гол соққан "Барселона" ойыншысы Ансу Фати турнир тарихындағы ең жас гол авторы атанды.

Чемпиондар лигасының 1/8 финалына ағылшынның "Ливерпуль" және Испанияның "Валенсия" командалары өз топтарынан бірінші орынмен шықты.  "Наполи",  "Боруссия" (Дортмунд), "Лион" және "Челси" болса екінші орын алып, плей-оффқа жолдаманы жеңіп алды. 

Бұған дейін англиялық "Манчестер Сити" мен "Тоттенхэм", испаниялық "Реал" мен "Барселона", франциялық ПСЖ, италиялық "Ювентус" және немістің "Бавария" мен "РБ Лейпциг" командалары плей-офф кезеңіне өткен болатын. Осылайша Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шығатын 16 команданың 14-нің есімі белгілі. 

"Наполи" Италия – "Генк" Бельгия 4:0 (3:0, 1:0)

Голдар: 1:0 – 3 Милик, 2:0 – 26 Милик, 3:0 – 38, пенальти Милик, 4:0 – 74, пенальти Мертенс.

"Ред Булл" Австрия – "Ливерпуль" Англия 0:2 (0:0, 0:2)

Голдар: 0:1 – 57 Кейта, 0:2 – 58 Салах.

"Интер" Италия – "Барселона" Испания 1:2

Голдар: 0:1 – 23 Карлес Перес, 1:1 – 44 Лукаку, 1:2 – 86 Фати.

 

"Боруссия" Д Германия – "Славия" Чехия 2:1 (1:1, 1:0)

Голдар: 1:0 – 10 Санчо, 1:1 – 43 Соучек, 2:1 – 61 Брандт.

"Бенфика" Португалия – "Зенит" Россия 3:0 (0:0, 3:0)

Голдар: 1:0 – 47 Серви, 2:0 – 58, пенальти Пицци, 3:0 – 79, автогол Азмун.

"Лион" Франция – "РБ Лейпциг" Германия 2:2 (0:2, 2:0)

Голдар: 0:1 – 9, пенальти Форсберг, 0:2 – 33, пенальти Вернер, 1:2 – 50 Ауар, 2:2 – 82 Депай.

"Челси" Англия – "Лилль" Франция 2:1 (2:0, 0:1)

Голдар: 1:0 – 19 Абрахам, 2:0 – 35 Аспиликуэта, 2:1 – 78 Реми.

"Аякс" Голландия – "Валенсия" Испания 0:1 (0:1, 0:0)

Гол: 0:1 – 24 Родриго.

А. Рысдәулет