Арман Әшімов пен Сергей Морозов Нұр-Сұлтанда титулдық жекпе-жек өткізеді

Арман Әшімов пен Сергей Морозов Нұр-Сұлтанда титулдық жекпе-жек өткізеді
Фото: M-1 Global

19 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында аралас жекпе-жектен M-1 Challenge 105 турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде екі бірдей қазақстандық спортшы чемпиондық белбеуді сарапқа салады.

Аралас жекпе-жек кешінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақта M-1 Challenge чемпионы Сергей Морозов (15-4) жеңіліс дәмін татпаған Джош Реттинзаусқа (16-4) жұдырықасады. Қос спортшының жолы осыдан үш жыл бұрын түйіскен болатын. M-1 Challenge жаңадан ауысқан америкалық спортшы Джош Реттинзаус Сергей Морозовты бірінші раундта нокаутқа жіберіп, жеңіске жеткен болатын. 

Осы уақыт аралығында Джош жарақатының салдарынан бар болғаны екі жеңіске ғана жетіп, титулдық жекпе-жекке қол жеткізе алмаса, қазақстандық спортшы сегізбұрышқа жеті мәрте көтеріліп, екі рет чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасқан. 

Алдағы жекпе-жек Сергей Морозов үшін ерекше болмақ. Өйткені ол чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғайды, оған қоса бұрын кеткен есесін қайтаруға таптырмас мүмкіндік. Сондай-ақ жекпе-жек Қазақстанда өтеді. 

Кештің кешінде басты жекпе-жегінде Арман Әшімов (10-3-1) аса жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін Крис Келадеспен (13-4) кездеседі. Арман Әшімов өткен жылы Микаэль Силандерден басым түсіп, M-1 Challenge уақытша чемпиондық белбеуін иемденген болатын. Алайда титулын қорғаған бірінші жекпе-жегінде Александр Доскальчукке есе жіберді. Жарақатынан айыққан қазақстандық спортшы одан кейін Кайк Аленкар мен Флавио да Сильа Сантосты жеңіп, енді міне титулды қайтаруға мүмкіндік алды. 

UFC ардагері Крис Келадес M-1 Challenge тұжырымына ауыса салысымен деңгейінің жоғары екенін дәлелдеді. Бірнеше мәрте қатарынан қарсыластар шақ келтірмеген ол Александр Доскальчукқа қарсы титулдық жекпе-жек өткізу қажет болатын. Алайда Александрдың жарақат алуына байланысты Крис Келадес басқа украиналық спортшы Александр Плетенкомен кездеседі. Тартысты өткен жекпе-жекте Крис Келадес жеңіліс тапқанымен, қарымта кездесуде кеткен есесін қайтара білді.

Кикбоксингтен чемпиондық белбеулерге қол жеткізген Арман Әшімов пен тәжірибелі балуан Крис Келадестің айқасы тартысты болары сөзсіз. 

M-1 Challenge 105 турнирі Нұр-Сұлтан қаласындағы "Барыс Арена" кешенінде өтеді. Аралас жекпе-жек кешінде Арман Әшімов пен Сергей Морозовтан бөлек осы ұйыммен келісімшарты бар Санжар Әділов (4-1-0), Асу Алмабаев  (9-2-0), Сәбит Жүсіпов (6-2-0) секілді қазақстандық спортшылар өнер көрсетуі мүмкін.

А. Рысдәулет