"Астанада" "Тулуза" командасының шабуылшысы ойнайды

О Сансызбай Корреспондент
"Астанада" "Тулуза" командасының шабуылшысы ойнайды
Фото ©️ les-transferts.com

Бүгін Конго ДР құрамасының және франциялық "Тулуза" командасының шабуылшысы Фирмин Мубеле "Астана" футбол клубымен еңбек келісімшартына қол қойды. Бұл туралы елордалық команданың ресми сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

Шабуылшы мансабын өз елінде бастап, артынша катарлық "Аль-Ахли", одан соң елорда жанкүйерлеріне жақсы таныс Францияның "Ренн" командасы сапына ауысқан. Кейіннен "Тулуза" командасының қатарын толықтырды.

25 жастағы Фирмин Мубеле Францияның ең жоғарғы чемпионатында 60 ойын өткізіп, 10 гол соққан. Шабуылшы Конго ДР құрамасы сапында өткізген 45 ойында 9 гол соққан. Футболшыны "Астана" клубы жалға алды.

Айта кетейік, биылғы Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңі алдында "Астана" өз құрамын күшейтуде. Осыған дейін Исландия құрамасының жартылай қорғаушысы Рунар Мар Сигурьонссонмен еңбек келісімшартына қол қойған болатын.

Елордалық команданың бірінші іріктеу кезеңдегі қарсыласы - Румынияның ЧФР Клуж командасы. Екі команда арасындағы бірінші ойын 9 шілде күні "Астана Аренада" өтеді.