Марадона қазақстандық "Ник Вуйчичпен" кездесті

О Сансызбай Корреспондент
Марадона қазақстандық "Ник Вуйчичпен" кездесті
Фото ©️ Vesti.kz

Әлемге әйгілі футболшы Диего Марадона қазақстандық жас футбол жанкүйері Әли Тұрғанбековпен кездесті. 

БӨЛІСУ

Дүниеге келгенде аяғы болмаған Әли мүгедек жандар қатарында. Аяғы болмаса да, доп ойнауға құмары басым. Спорттың бұл түрімен байланысты бағдарламаларды үзбей қарайды екен.

Бірде ол Диего Марадонаға онымен кездесуді армандайтыны туралы айтып, видео жолдаған. Жақында оның арманы орындалып, Әли аңызға айналған футболшымен кездесті. Марадона бағыттаған допты қағып, қақпада тұрды. Кездесу соңынан аргентиналық маман қолтаңбасын беріп, естелік сый жасады.

Әлиде бұрын арнайы протез болған. Онымен футбол да ойнай алатын. Ол кезде қолдаушылар керекті қаржыны жинап берген. Өсе келе протезі жарамай қалған. Оның үстіне балаға қарапайым протез көмектесе алмайды екен. Қазіргі таңда ата-анасымен бірге Астанада тұрады.

Әли қазір 10 жаста. Марадонадан өзге кумирлерінің бірі Ник Вуйчич екен. Онымен 2015 жылы Андрей Малаховтың бағдарламасында кездескен.