«KazSport» арнасын уақытша Павел Цыбулин басқаратын болды

О Сансызбай Корреспондент
«KazSport» арнасын уақытша Павел Цыбулин басқаратын болды

Бүгін «KazSport» телеарнасының директоры Диас Ахметшәріп қызметінен босатылды. Енді арна жұмысын уақытша Павел Цыбулин басқаратын болды. Бұл туралы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының баспасөз орталығы хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Диас Ахметшәріп «KazSport» директоры қызметін 2013 жылдың 1 шілдесінде телеарна ашылған күннен бастап атқарып келе жатқан болатын. Ал қызметтен кетуінің себебі туралы ақпарат хабарланған жоқ. Қазіргі таңда телерадиокорпорация ресми сайтында директорлық қызметке түйіндеме қабылдау туралы ақпарат жариялады. Ол үшін төмендегі талаптарға баса мән беріледі екен.

- Журналистика бағытында жоғары білімді, мамандық бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

- Телеарна қызметін басқару;

- Телевизиялық жобаларды жасау үшін жағдай жасау мен ұйымдастыру, сондай-ақ, олардың эфирге үзіліссіз жүруіне жағдай жасау;

- Телевизиялық жобаларды түсіру кестесін, және эфирден көрсету кестесін белгілеу;

- Өнімді жоспарлау жұмысына қатысу, сценарий, монтаждың сапасын арттыруға атсалысу;

- Телеарна функциялары мен тапсырмаларына қатысты келісімшарт жасауға ықпал ету, сонымен қатар, келісімшарт жасауға қатысады (келісімшарттың талаптарын дайындайды);

- Телеарна жасаған телевизиялық жобалардың сценарийлердің жасалу жолдарын бақылау:

- Телебағдарламаларды жасауда тәжірибе алмасу мақсатында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның басқа да бөлімдерімен тығыз қарым-қатынас орнату;

- Спортшыларды, командаларды, елдер құрамаларын, чемпионаттарды, ҚР және әлемдегі негізгі спорт түрлерінің статистикасын білуі маңызды. Спорттағы әлемдік тенденцияларды сараптай алуы және білімін тәжірибе жүзінде пайдалана білуі тиіс.

Телеарнаның жаңа директорының есімі жарияланар уақыт әзірге белгісіз.

Сурет:arman3d.kz