Красножан ұлттық құраманың кеңейтілген тізімін жариялады

 Красножан ұлттық құраманың кеңейтілген тізімін жариялады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Түркияға қарсы ойнайтын команданың кеңейтілген тізімін жариялады.

Футболшылар 10 қараша күні Талғардағы оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілетін базада жиналады. Медициналық тексеруден кейін құрама Анталияға аттанып, түріктерге қарсы дайындығын бастайтын болады. Юрий Красножан Түркияға қарсы ойнайтын құрамды оқу-жаттығу кезінде анықтайтын болады. Әзірге кеңейтілген құрамға төмендегі ойыншылар кіріп отыр.

ҚақпашыларВладимир Логиновский («Астана»), Александр Мокин («Шахтер»), Стас Покатилов («Шахтер»), Андрей Сидельников («Ақтөбе»);

Қорғаушылар
Ренат Абдулин («Атырау»), Абзал Бейсебеков («Астана»), Илья Воротников («Тараз»), Марк Гурман («Қайрат»), Виктор Дмитренко («Астана»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Дмитрий Мирошниченко («Ақтөбе»), Александр Киров («Шахтер»), Рахимжан Розыбакиев («Қайсар»), Ғафуржан Сүйімбаев («Ордабасы»), Дмитрий Шомко («Астана»);

Жартылай қорғаушылар
Анатолий Богданов («Тобыл»), Аслан Дарабаев («Қайрат»), Бауыржан Жолшиев («Астана»), Георгий Жуков («Астана»), Бауыржан Исламхан («Қайрат»), Андрей Карпович («Атырау»), Ұлан Қонысбаев («Шахтер»), Валерий Коробкин («Ақтөбе»), Евгений Коструб («Атырау»), Станислав Лунин («Қайрат»), Азат Нұрғалиев («Ордабасы»), Самат Смақов («Қайрат»), Асхат Тағыберген («Ақтөбе»), Андрей Финонченко («Шахтер»), Роман Муртазаев («Шахтер»);

Шабуылшылар
Танат Нөсербаев («Астана»), Сергей Хижниченко («Корона», Польша), Алексей Щеткин («Тараз»);

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Түркиямен 17 қараша күні кездесетін болады. Астана уақытымен түнгі 01:45-те басталатын ойын әйгілі «Галатасарайдың» «Али Сами Йен» стадионында өтеді.

Сурет: tengrinews.kz

Ө. Сансызбай