«Корнелья» «Реалды» жеңсе қосымша ақша алады

«Корнелья» «Реалды» жеңсе қосымша ақша алады

Бүгін түнде мадридтік «Реал» Испания кубогының 1/16 финалы ойындары аясында түзде сегунданың «Б» сериясында өнер көрсететін каталондық «Корнелья» командасымен кездеседі. Алаң иелері басшылығы футболшыларын қанаттандыру мақсатында, жеңіске жетсе әр ойыншыға 1400 еуро көлемінде сыйақы бермек.

«Корольдік клуб» болса, Каталонияға негізгі құрамдағы бірнеше ойыншыларын жібермеді. Олардың қатарында Икер Касильяс, Серхио Рамос, Пепе, Тони Кроос, Лука Модрич, Криштиану Роналду және жарақат алған Гарет Бэйл, Фабио Коэнтрау және Хесе бар. Ал қақпаны Кейлор Навас қорғайтын болады.

Ойын Астана уақытымен түнгі сағат 01:00-де басталады.

Cурет:sports.ru

Ө. Сансызбай