Головкиннің қолы қойылған қолғап бәссаудада 1 млн теңгеге сатылды

Головкиннің қолы қойылған қолғап бәссаудада 1 млн теңгеге сатылды

Бурабайда өткен қайырымдылық аукционында танымал спортшылардың жабдықтары сатылды.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің қолы қойылған қолғабы 1 миллион 200 теңгеге сатылды. Сондай-ақ Қанат Исламның да қолғабын 50 мыңға сатып алды.

Бұдан бөлек "Барыс" хоккей клубының ойыншысы Мадияр Ыбрайбеков жейдесі 100 мыңға сатылды.  Ал "Астана" футбол клубының жейдесі бағаланды.

Жүзгіш Дмитрий Баландиннің қолы қойылған спорттық бас киімі саудада 40 мың теңгеге өтті. Сондай-ақ "Ақтөбе" футбол клубының жейдесі мен добы 120 мың теңгеге сатылды.

Қайырымдылық аукционынан түскен барлық қаражат үш ауыл және екі аудандық ауруханаларға медициналық құрылғы алуға жұмсалады.

 

А. Рысдәулет