Ерекше гол қуанышын тойлау

Ерекше гол қуанышын тойлау

«YouTube» видеохостингіндегі неміс бундеслигасының ресми арнасы «Лейпциг» пен «Бохум» ойындарында соғылған голға ең ерекше қуанған футболшының бейнебаянын ұсынды. Алаң иелерінің капитаны Даниэль Фран гол соққаннан кейін әріптесіне жүгіріп барып, реслинг спортына қатысушылар секілді қойылым көрсеткен. Бұл сәт жанкүйерлер көңілінен шығып, қошеметке лайық танылды. Ойында да «Лейпциг» командасы екі доп басымдығымен жеңіске жетті.

Сурет: bundesliga.de

Ө. Сансызбай