Қайрат Нұртас "егіздері" үшін дауға қалды

Қайрат Нұртас "егіздері" үшін дауға қалды

Мәселе былай болған...

Сәуір айының ортасына таман «100%» атты егіздер теле-шоуы 31 арнадан басталады. Бағдарламада елге танымал адамдарға ұқсас қатысушылар қазылар алқасының алдында бақ сынасады. Бірінші бағдарламада елге белгілі жас әнші Қайрат Нұртасқа ұқсайтын адамдан сынасатын болған. Шоу жүргізушісі Дәуіт Шайхисламовтың айтуы бойынша, оған ұқсайтын 150 адам табылған. Соның ішінде ең-ең деген «егіздерінің» 15-і іріктелініп алынған. Мұнымен қоса Vox Populi сайты кімнің қатты ұқсайтыны туралы сауалнама жасаған болатын. Белгілі әншіге ұқсайтын жеңімпаз сайттың арнайы сыйлығына ие болады делінген.

Пост 5 күннің ішінде 13000 рет көріліп, онда 235 пікір қалдырылған екен. Мұнда пікірілердің бірқатары Қайрат Нұртасты КСРО халық әртісі Муслим Магомаевпен салыстырса, ал енді бірі қазақстандық рэп орындаушылар тобы Da Gudda Jazz-бен шендестіріпті.

Ең-ең деген пікірлерді алдарыңызға ұсынайық:

Bakonya:

- Қайрат Нұртас деген кім? Ол әлі өзіне ұқсайтын адам жинайтындай дәрежеге жеткен жоқ қой. Көзілдірік ки, шаш қой да бара бер, бәрі ұқсайды бір-біріне. Сөзім жоқ.

Dinara Abenova:

- Қайрат Нұртастың кім екенін білу үшін Google-ден іздеу керек болды.

Truman:

- Қайрат Нұртас красавчеГ! Оны бір рет те тыңдап көрмеппін, бірақ оған мынанша көп адам ұқсағысы келсе бұл жақсы. Ал біз адасып басқа дүниені іздеп жүрген сияқтымыз.

Алмас Жакенов:

- Қайрат Нұртасқа жақсы жарнама болды. Себебі мен оны тіпті білмейді екенмін. Өзінің суреті неге жоқ? Егіздер конкурсын Элтон Джонға, Элвис Преслиге тіпті біздің Батыр, Роза Рымбаеваларға ұйымдастырса жарасар еді. Ал Қайрат Нұртас...

аналитик кса:

- Барлығы Қайратқа тиісіп жатыр, ал өздерің Верка Сердючка мен «Руки верхтың» әндеріне билейтін шығарсыңдар...

Ал сіз Қайрат Нұртас туралы не айта аласыз?

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: voxpopuli.kz

А. Құлтай