Rap God: Эминемнің YouTube желісіндегі бейнебаяны 1 миллиард көрілім жинады

Rap God: Эминемнің YouTube желісіндегі бейнебаяны 1 миллиард көрілім жинады
Фото: vk.com

Эминемнің Rap God әнін орындаған бейнежазбасы YouTube желісінде 1 миллиард көрілім жинады.

Ол алғаш рет әртістің 2013 жарық көрген The Marshall Mathers LP альбомында жарияланған болатын.

Жалпы, YouTube желісінің тарихында миллиардтан астам көрілім жинаған 30 видео бар болса, соның екеуі ғана рэперлерге тиесілі. Олардың біріншісі – Уиз Халифа (Wiz Khalifa). Оның See You Again әні 2015 жылы миллиард көрілім жинаса, қазір бұл көрсеткіш 4,4 миллиардқа жеткен. Екіншісі – Эминем.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың қаңтар айында Эминем Music to Be Murdered By альбомын жарыққа шығарды. Ондағы әндерде тыңдарман арасында үлкен қошеметке бөленіп үлгерді.

А. Оралқызы