Димаш Құдайберген "Новая волна" байқауында өнер көрсетті

Димаш Құдайберген "Новая волна" байқауында өнер көрсетті

Димаш Құдайберген Сочи қаласында "Новая волна - 2019" жас таланттар байқауының ашылу салтанатында Olympico әнін орындады.

Қазақстандық әншіні көрермендер гүлдер жаудырып, сахнадан ұзақ уақыт жібермей тұрды.  

"Барлық гүлдер сен үшін. Ресей, Қытай және әлем эстрадасының жаңа секс-символы. Қыздар өздеріңізді ұстаңыздар, ол қайтып келеді", - деді байқау жүргізушісі.  

"Новая волна" - халықаралық танымал әуендерді орындаушы жас таланттар байқауы. Байқаудың арқасында көптеген әншілер үлкен сахнаның төріне шықты.  

Жақында Димаш Құдайберген Исландияда қалай клип түсіріп жатқанын ел назарына ұсынған болатын. 

- Исландиядағы видеоның кадрлары. Команданың барлық мүшесі су болды. Бірақ бұл оған тұрарлық. Режиссер Алан Бадоевқа кәсіпқойлығы үшін алғысымды айтқым келеді. Ол өзгелер секілді қатардағы видео емес, нағыз суретші ретінде түсіреді. Әлем үздіктерінің бірі саналады, - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында. 

А. Рысдәулет