Фотоға түсіру шеберлігіңізді бірер минутта шыңдаңыз

Фотоға түсіру шеберлігіңізді бірер минутта шыңдаңыз
Фото: freepik.com

Фотоға түсіру шеберлігіңізді бірер минутта шыңдап, қымбат құрылғысыз-ақ қажетті кадр мен арнайы эффектілерді жасауға болады.

Пластикалық пакеттен жасалған софтбокс

Жұмсақ әрі шашыраңқы жарық алу үшін қарапайым целлофаннан жасалған ақ пакет жеткілікті. Ішін ауаға толтырып, қажетті пішінге келтірсеңіз болғаны.

Орамалдан жасалған слайдер

Егер штативке арналған слайдер жаныңызда жоқ болса қам жемеңіз. Үстелдің үстіне орамалды жайып жіберіп, камераңызды ыңғайлы орналастырыңыз.

профессиональная съёмка: слайдер из полотенца

Жақындатып түсірген кезде бүйір эффектісін қолдан жасау

Бұл тіпті оңай. Ғаламтордан бүйір эффектісі бар дайын фотоны жүктеп алсаңыз болғаны. Ар жағын өзіңіздің қиялыңызға байланысты.

Компакт-дисктен блик эффектісін алу

Суретті өңдеу кезінде бликті сүзгішін қойып уақыт жоғалтқанша бірден түсірген жақсы. Бұл үшін объективтің астынғы жағына компакт-дискті орнатып, күн сәулесін түсіріңіз.

профессиональная съёмка: эффект бликов

Жарықтандырылған таспа эффектісі

Ескі таспаларда болған эффектті алу үшін тек бір ғана сіріңке жеткілікті. Фотоға түсіру алдында сіріңкені жағып, ұстап тұрыңыз.

А. Рысдәулет