"Леди мен қаңғыбас" мультфильміне жасалған киноадаптация трейлері

"Леди мен қаңғыбас" мультфильміне жасалған киноадаптация трейлері
Фото: vk.com

Disney студиясы "Леди мен қаңғыбас" мультфильміне жасалған киноадаптацияның алғашқы трейлерін жүктеді. Картина режиссері – Чарли Бин ("Lego-фильм: Ниндзяго"). Премьерасы 12 қарашаға жоспарланып отыр.

Кинода басты рөлдерді кокер-спаниел Роузи мен қаңғыбас Монте сомдаған. Олар журналистермен кездесуге келіп, қызыл кілемнен жүріп өткен.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Disney компаниясы су перісі Ариэль туралы ертегіні де қайта экранизациялайтын хабарлаған болатын. Кейін басты кейіпкерді кім сомдайтыны белгілі болды.

1989 жылы шыққан туындының ремейк нұсқасында су перісін  белгілі әнші-орындаушы Хэлли Бейли сомдайды. Жас дарын туған әпкесі Хлоямен бірге  Chloe x Halle тобында ән шырқайды. Хавьер Бардем теңіз патшасы Тритонның рөлін ойнайды. Яғни, басты кейіпкер Ариэльдің әкесін сомдауға лайық деп танылды. Ал One Direction тобының бұрынғы мүшесі және Gucci брендінің негізгі жұлдызы Гарри Стайлз баршаның сүйікті ертегісіндегі Эрик ханзаданың рөлін сомдайды.

А. Оралқызы