Квентин Тарантино "Күндердің бір күнінде... Голливудта" фильмін Мәскеуде ұсынды

Квентин Тарантино "Күндердің бір күнінде... Голливудта" фильмін Мәскеуде ұсынды
Фото: massaget.kz/Yernar Almabek

8 тамыз күні Қазақстанда Квентин Тарантиноның 9-шы фильмі "Күндердің бір күнінде... Голливудта" прокатқа шықты, ондағы басты рөлдерді Леонардо Ди Каприо, Брэд Питт пен Марго Робби сомдаған. Фильмнің Мәскеудегі премьерасына Квентин Тарантиноның өзі келіп, таныстырылымына қатысты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшілері. 

Тұсаукесер көрсетілім "Октябрь" кинотеатрында болды. Сондай-ақ қызыл кілемде фильмнің продюсерлері Дэвид Хейман мен Шеннон МакИнтош та жүріп өтті.

Пресс-конференцияда режиссер өзіне деген ыстық ықыласқа риза болғанын жеткізді: "Бұл мен үшін өте тамаша тәжірибе болды, мені мұнда жақсы көретінін білгенмін, бірақ келіп, өз көзіммен көрмейінше оның шын екеніне сенбедім. Мен сіздердің махаббатарыңыздың қадірін білетін америкалықпын".

Премьераға Ресей Федерациясының Мәдениет министрі Владимир Мединский, Мәдениет министрлігінің кинематография департаментінің басшысы Ольга Любимова, журналист және саясаткер Ксения Собчак, әнші Nazima, тележүргізушілер Регина Тодоренко, Алена Водонаева, Егор Москвин, блогер BadComedian Евгений Баженов, режиссер Константин Богомолов, актерлер Александр Петров, Дмитрий Певцов, Любовь Аксенова, Ингеборга Дапкунайте, Аглая Тарасова, журналист және киносыншы Антон Долин мен өзге Ресей жұлдыздары қатысты. 

Тарантино жанкүйерлері таң атпай "Октябрь" киноорталығын басып алды. Ғимаратқа жүздеген адам келіп, аңызға айналған режиссерді көріп қалғысы келді, кейбірі тіпті қолтаңбасын алып үлгерді. 

Презентацияда режиссер қызыл кілеммен өтіп бара жатқандағы естігенін айтып берді: "Маған бір жанкүйерім келіп, сенің өне бойың орыс деді. Сондықтан мен фильмімді орыс ретінде ұсынып отырмын", - дейді Тарантино. 

Квентино сондай-ақ Мәскеуде 2004 жылы Мәскеу халықаралық фестивалі аясында, "Биллді өлтіру-2" фильмінің таныстырылымында болғанын айтты. Сол уақыттың өзінде жергілікті аудиторияның ықыласын сезініп үлгерген екен.

Еске салайық, режиссер Квенин Тарантиноның 9-шы фильмі Голливудта 1969 жылы болған "алтын ғасыр" дәуірі негізінде түсірілген. Сюжетке сәйкес, актер Рик Далтон (Леонардо ДиКаприо) мен оның дублері Клифф Бут (Брэд Питт) өте жылдам өзгергіш киноиндустрия саласында өз орындарын тапқылары келеді.

Massaget