Тақтар ойыны. Фильмнің қоғамдағы орны

Тақтар ойыны. Фильмнің қоғамдағы орны
Фото: google.com

Әлемдегі әр жаңалық адамға, қоғамға әсер етпей қоймайды. Мейлі бұл жаңалық өнер мен білім, ғылым мен техника, бір шағын отбасында болған кішкентай оқиға болсын, белгілі бір деңгейде өз нәтижесін көрсетеді. Сол секілді «Тақтар ойыны» сериалы әлемдік нарықта өз беделін көрсетіп жатыр. Мысалы...

«Тақтар ойынының» әлемдік жол картасы бар 

Майкл Тайзник есімді «Тақтар ойынының» әлемдік жол картасын дайындаған. Оның негізін Джордж Мартин (шығарма авторы) әлем географиясымен өз туындысында жазып қойған болатын. Карта фильмдегі оқиғалармен байланыстыра отырып жасалған. Мысалы, «Харрентаун бекетіндегі шаң осыдан 300 жыл бұрын айдаһарлар күл талқанын шығарған Харренхол сарайының жөндеу жұмыстарынан пайда болды. Ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймыз!» деген ескертпелер жол белгілерінің бірінде жазылған екен. 

Белгілі әулеттер брендке айналды 

Shutterstock компаниясының қызметкерлері «Брендтер ойынын» ойлап тапқан. Олар «Тақтар ойыны» туындысындағы белгілі әулеттерді брендке айналдырған. Мысалы, айдаһарлардың жанкүйерлері кезекті әуекомпанияға Таргариен деп атау берген. «Ланнистерлер әрқашан қарызын өтейді» деген ұран Ланнистер инвестициялық компаниясының да ұранына айналған. Ал Старктар байқағандарыңыздай сырт киімге аса көп мән береді, cебебі «Қыс таяп қалды». Осыны ескерген сауда белгісі Старк әулетінің есімін иемденген. Фрей әулеті тойлағанды жақсы көреді емес пе, әсіресе, Қанды үйлену тойы естеріңізде болар. Осы артықшылықты ескерген мереке агенттігі өздерін Фрей деп атағанды жөн көріпті. 

Вестерос шарапты таниды 

Жеті Патшалықта дастарханға қойылған тағамдар мен ішілген шараптардың құрамы, дайындалу жолы да ерекше көрінетін болар. «Тақтар ойыны» кітабы мен сериалында ұсынылған аспаздық туралы сайт та ашылған, оның бірінде дотрактардың бал қосылған қозы етінің, екіншісінде вестеростық шараптың дайындалуы туралы, ас мәзірі туралы ақпарат алуға болады. 

Гарвардта «Тақтар ойыны» туралы арнайы курстан өтуге болады

Кіріспе пән «Нағыз «Тақтар ойыны»: қазіргі мифтен ортағасырлық үлгіге дейін» деп аталады. Дәрісте тек саясат әлемінде қалай өмір сүруді үйретіп қана қоймайды. Сонымен қатар, Ортағасыр тарихын осы сериалдың үлгісімен түсіндіреді екен.

Г. Берік