Алматыда поляктық кинофестиваль өтеді

Алматыда поляктық кинофестиваль өтеді

Қарашаның 4-7 күндері аралығында Алматыдағы Польшаның Бас Консулдығы мен Олег Борецкийдің киноклубы бірігіп поляктық кинофестиваль ұйымдастыруда.

Бұл фестивальдың бағдарламасы бойынша соңғы екі жылда шыққан поляктық фильмдер көрсетіледі: Анджея Вайданың «Валенса» атты жаңа фильмі, осы жылғы «Оскар» жүлдесіне Польша атынан ұсынылған «Ида» туындысы, халықаралық фестивальдердің жүлдегер фильмдері «Елестет»(«Представь) пен «Өмір сүргім келеді»(«Хочется жить»).

Фестиваль бағдарламасы:

Қарашаның 4-і сағат 19.00-де: «Валенса»

Қарашаның 5-і сағат 19.00-де: «Ида»

Қарашаның 6-ы сағат 19.00-де: «Елестет»(«Представь)

Қарашаның 7-і сағат 19.00-де: «Өмір сүргім келеді»(«Хочется жить»)

Барлық фильмдер поляктық тілде орысша субтитрлермен жүреді.

Билеттің құны 300 теңге. Шараның өтілетін орны: Цезарь кинотеатры (Фурманов к., 50).

Сурет: content.ru

Ф. Абилова