Форсаж 7 фильмінің алғашқы постері шықты

Форсаж 7 фильмінің алғашқы постері шықты

Көбіміз ерекше ықыласпен күтіп жүрген "Форсаж" (Fast & Furious) атақты кинофильмінің жетінші бөлімін алдыңғы жылдың сәуір айында тамашалап, бағасын бере аламыз. Қазіргі күні фильм түсірушілері осы фильмді сүйіп көрушілеріне алғашқы постер жобасын таныстырды.

Промо-суреттердің бір қатары фильмнің басты кейіпкерлеріне арналған. Бұнда өткен жылы көлік апатынан қайтыс болған Пол Уокердің, сонымен қатар, Дуэйн Джонсон, Мишель Родригес, Вин Дизель, Тайриз Гибсон, Лудакрис және Джордана Брюстер сынды актерлердің суреті жарияланған.

Екінші плакатта көліктің төменгі бөлігі, сонымен қоса, көлік дөңгелектері арасынан жоғарыда аталған әртістердің білінер-білінбес сұлбасы суреттелген екен.

Осы ретте, бұл фильмнің жетінші бөлімі көлік жарысы, махаббат, достық, тонау, Доминик Торретоның иелігіндегі көлік компаниясы туралы екендігінін естеріңізге сала кетеміз.

Фильмде бас қаһармандар қылмыстық топ пен оның бастығы Оуен Шоудың көзін құртқан соң, оларға үлкен қауіп төнеді. Мерт болған қаскүнемнің ағасы туысын өлтіргендерден жауабын алу ниетте, арам ойын іске асырмақшы...

Сурет: when-release.ru

Е. Жұмабайұлы