Máńgilik El Daýysy шоуының онлайн-трансляциясы

Máńgilik El Daýysy шоуының онлайн-трансляциясы

Жастар жылы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық концерт залында бүгін сағат 19.00-де Máńgilik El Daýysy концерті басталады. Бұған дейін баламасы болмаған бірегей шоуда Қазақстанның эстрада жұлдыздары хит әндерін жанды дауыста орындайды. Төмендегі видеодан концертті тікелей эфирде көре аласыз.

Концертте Ерке Есмахан, Айқын, Нұржан Керменбаев, Raim & Artur, Ерболат Құдайберген және ORDA тобы өнер көрсетеді.

Жоба көрермендерді ерекше қойылымдар, әдемі безендірумен қуантып, тыңдармандардың артистермен бірге ән айтуына мүмкіндік жасайды. Көрермендерге ыңғайлы болуы үшін әндердің мәтіні LED-экрандарда көрсетіліп отырады. Осылайша көрермен мен артист арасында ерекше байланыс орнап, шоуда ерекше атмосфераға болмақ.

Жоба ұйымдастырушысы – Pantograph продюсерлік орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, ақпараттық қолдау – Alash Media Group холдингі, "Жұлдыз FM, Tengri FM радиостанциялары.

А. Жапатова