«Дарабоз дәстүр» атты республикалық мүшәйра өтеді

«Дарабоз дәстүр» атты республикалық мүшәйра өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы Тәуелсіздік күні қарсаңында 2014 жылғы ұлттық спорттың үздіктерін марапаттауға арналған «Алтын тұғыр» шарасын өткізеді.

Аталған іс-шара аясында жас ақындар арасында ұлттық спортты насихаттайтын мүшәйра ұйымдастырылып отыр. «Дарабоз дәстүр» атты осы мүшәйраға жасы 35-ке дейінгі жазба ақындар қатыса алады. Ақындар мүшәйраға ұлттық спорттың кез келген түрін сипаттаған, яғни, бәйге, аударыспақ, көкпар, теңге ілу, қыз қуу, жамбы ату, асық ату, тоғызқұмалақ секілді ұлттық ойындар жайлы жырларын ұсына алады.

Байқаудың мақсаты:

Ұлттық спорт түрлерін насихаттау арқылы жастардың дәстүрлі өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру;

Жастардың отансүйгіштік сезімін көтеру;

Еліміздің біртұтас мызғымас мемлекеттік идеясын насихаттау;

Ұлттық рухты биіктету;

Жастардың поэзияға деген құштарлығын арттырып, оларға қолдау көрсету;

Мемлекеттік тілдің мәртебесін одан әрі көтеру, әлі таныла қоймаған ақындарды, әсіресе, жас дарындарды анықтау.

Байқаудың талаптары:

Байқау екі өлеңнен тұрады:

Бірінші өлең — «Дарабоз дәстүр» (халқымыздың көнеден келе жатқан парасатты салт-дәстүрі, ұлттық құндылықтар мен ұлттық спорт түрлері жырға өзек болуы тиіс. Өлеңдер бұрын еш жерде жарияланбаған болуы керек) – міндетті

Екінші өлең – еркін тақырып – міндетті

Байқаудың шарттары:

Байқауға  жасы 35-ке дейінгі барлық ақын қатыса алады;

Байқауға қатысушылар осы ережеге сәйкес өлеңдерін жолдайды;

Жыр сайысын қорытындылап, жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы мамандардан қазылар алқасы құрылып, мынаны бақылайды:

– ақынның жеке шығармашылық мүмкіндігін аша білуі, сөздік қорының молдығы;

– шығарманың тақырыпқа сай болуы;

Жеңімпаздарды марапаттау

Бас жүлде – 150 000 (жүз елу мың теңге)

І орын – біреу – 100 000 (жүз мың теңге)

ІІ орын – біреу – 70 000 (жетпіс мың теңге)

ІІІ орын – біреу – 50 000 (елу мың теңге)

Ынталандыру сыйлығы – екеу – 30 000 (отыз мың теңге)

Байқауға қатысатын өлеңдер 2014 жылғы 10 желтоқсанға дейін қабылданады. Өлеңдер ulttyqsport.kz және kazaitys.kz сайттарында жарияланады.

Сонымен бірге, авторлар «Қазақстан» ұлттық арнасының «Таңшолпан» бағдарламасына арнайы шақырылып, өлеңдерін тікелей эфирде оқиды. Байқауға алыс аймақтардан қатысатын ақындарға да «Таңшолпанның» тікелей эфирінен өлеңін телефонмен оқуына мүмкіндік беріледі.

Ескертетін жайт: «Таңшолпан» бағдарламасына байқауға құжатын толық жолдаған ақындар шақырылады.

Жеңімпаздарға жүлде ұлттық спорттың үздіктері марапатталатын «Алтын тұғыр» салтанатты шарасы кезінде тапсырылады.

Байқауға қатысатын өлеңмен бірге мына құжаттар жолдануы тиіс:

Төлқұжатының көшірмесі;

Шығармашылық өмірбаяны;

10-15 көлемдегі 1 түрлі-түсті фотосурет;

Мекенжайымыз:

010000, Астана қаласы, Республика көшесі, 34 А

«Нұр-Тау» Бизнес орталығы

Байланыс телефоны: +7 7172 42-15-10

e-mail: ulttyqsport@mail.ru, ulttyqsport@gmail.com

Сурет: liveinternet.ru

Н. Айдархан