Нобель марапаты: Әдебиет саласы бойынша лауреаттар анықталды

Нобель марапаты: Әдебиет саласы бойынша лауреаттар анықталды
Фото: nobelprize.org

Әдебиет саласы бойынша 2018-2019 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттары анықталды.

2019 жылғы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы Питер Хандке “тілдік тапқырлықтың көмегімен шеткері аймақ пен адам тәжірибесінің ерекшеліктерін зерттеген ықпалды жұмысы үшін” берілді.

Питер Хандке 1942 жылы 6 желтоқсанда дүниеге келген, аустриялық жазушы және драматург.

2018 жылғы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы Ольга Токарчукке “шектеуден шығу, өмір формасы ретінде энциклопедиялық жалынмен баяндау қиялының шексіздігі үшін” берілді.

Ольга Токарчук 1962 жылы 29 қаңтарда туған. Поляк жазушысы әрі ақыны, қазіргі поляк әдебиетінің көрнекті тұлғаларының бірі. Халықаралық Букер сыйлығының иегері (2018).

Естеріңізге сала кетейік, 2016 мен 2017-де марапатты Боб Дилан мен Кадзуо Исигуро алған болатын. Бұлардың жеңімпаз атануы да дау-дамайсыз өтпеді. Бұл тұста Боб Диланның музыкант екені кей адамдардың, әсіресе, қаламгерлердің ызасын келтірді. Швед академиясы сыйлықты оған "ұлы америкалық ән дәстүрінде жаңа поэтикалық сөз өрнектерін салғаны" үшін табыстаған болатын. Ал Исигуроны кей қаламгерлер өз тегінен алшақтап кеткен қаңбаққа балап, марапатқа лайық көрмеді.

Т. Раушанұлы